Алматыда митинг өткізуге тыйым салынуы мүмкін

Бір ай бұрын мұндай тыйым болған жоқ. Неге десеңіз, ауру көрсеткіштері төмен болды. Бірақ қазір өскенін көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселеге назар аударып жатырмыз, тыйым салуды қарастырамыз, — деді Жандарбек Бекшин.

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің айтуынша, қалада коронавирусқа қатысты ахуал күрделене түсті. Кейінгі тәулікте 12 адамнан COVID-19 анықталды. Оның ішінде 10 дерек жергілікті, 2 дерек шетелден әкелінген. Олар Мысырдан жұқтырып келген.

Алматыда коронавирусты барлығы 14 539 науқас жұқтырды.