Қазақстанда қайтыс болғаны туралы анықтама енді онлайн беріледі

Бұрын қайтыс болу және перинатал өлім туралы медицина куәлігін, сонымен бірге қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті міндетті түрде ұсыну керек еді, қазір бұл талаптар алынып тасталынды. Анықтама алу үшін қайтыс болған адамның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу жеткілікті.

Бұрын бірнеше ұйымға барып, көп уақытты алушы еді. Бұл анықтама жерлеу, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алу және мұраны ресімдеу кезінде ұсыну үшін қажет. Енді оны онлайн алуға болады — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

eGov.kz порталында «Отбасы» бөлімінде «Отбасы жағдайы» бөлімшесін тауып, «Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама» қызметін таңдап, оған тапсырыс беріп, ЭЦҚ-мен қол қою қажет. Оның нәтижесі eGov.kz порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне келеді.

Бас тартудың себебі дұрыс толтырылмаған деректер немесе қайтыс болу туралы акт жазбасының болмауынан болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, деректерді тексеріп, қызметке қайта тапсырыс беріп көріңіз. Ал екінші жағдайда уәкілетті мемлекеттік органға хабарласыңыз. Аталған қызмет Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы қолжетімді. Ал барлық дерек мемлекеттік органдардың ақпарат жүйелерінен алынады.

Қызметтің сілтемесі: https://egov.kz/cms/ru/services/marital_status/death_registration