Өткен тәулікте 115 адам коронавирус жұқтырып, 115 пациент жазылды

Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 109 623-ке жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 14 539(+12);
Нұр-Сұлтанда — 14 309(+13);
Атырау облысында — 11 209(+10);
Қарағанды облысында — 10 416(+16);
Шығыс Қазақстан облысында — 9 030 (+18);
Батыс Қазақстан облысында — 6 924(+5);
Шымкентте — 5 216(+3);
Алматы облысында — 5 028(+4);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 309(+8);
Жамбыл облысында — 4 155(+2);
Павлодар облысында — 4 073(+11);
Ақмола облысында — 3 573(+6);
Қостанай облысында — 3 552(+5);
Түркістан облысында — 3 399(+0);
Маңғыстау облысында — 3 372(+0);
Ақтөбе облысында — 3 270(+1);
Қызылорда облысында — 3 249(+1).

Коронавируспен ауырып жатқандарға қатысты мәлімет

Қазіргі уақытта COVID-19 инфекцияcынан 2 679 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 125 бала бар. 2 199 науқас стационарларда, 480 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.

Науқастардың арасында 83 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың жағдайы аса қатты ауыр. 8 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.