Түркістан: Сайрам ауданында 17 мұқтаж отбасыға баспана берілді

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы 1984 жылы салынған коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимарат биыл күрделі жөндеуден өткізілді. Нысан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 184 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесін шешуге сеп болды. Ғимараттың жалпы алаңы — 586,3 шаршы метр, ал тұрғын үйдің алаңы – 367,8 шаршы метр.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2019 жылы жергілікті бюджет есебінен қаралған қаржыға жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін 84 миллион теңге қаражат жұмсалған. Күрделі жөндеу жұмыстарын «Астана — Көктем С» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.

Ғимараттағы тұрғын үй жайларымен 17 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (отбасы) қамтамасыз етілді. Жаңа баспана иесі атанған жандар қуанышымен бөлісіп, алғыс білдірді.