Түркістан: Састөбе кентінде 16 көшеге күрделі жөндеу жүргізілді

Кейінгі жылдары кент тұрғындары тарапынан көтеріліп жүрген басты мәселелердің бірі — тозығы жеткен электр бағаналары мен трансформаторды ауыстыру болатын. Бұл мәселелер де толығымен шешімін тапқан.

«Жұмыспен қамту жол картасының 2020-2021 жылдарға» арналған бағдарлама шеңберінде кенттің ішкі көшелерінің тозығы жеткен 8,4 шақырым болатын электр желісі толығымен жаңартылып, 120 дана бағана мен қуаттылығы 400 КВт болатын жаңа трансформатор орнатылды.

Сонымен қатар кент орталығындағы көп жылдан бері жөндеуді қажет ететін соғыс ардагерлері аллеясы да толығымен жөндеуден өтіп, кент шетінен заманауи кәріздік сорғы станциясы мен кәріздік суларды тазалау орны бой көтерді. Жүйенің ерекшелігі — тұрғындар пайдаланған кәріз суын қайта өңдеп, өңделген таза суды егін суғару мен балық шаруашылығы сынды түрлі бағытта пайдалануға болады. Ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін 200 абонентті қосу жоспарланған.