Қазақстанда 26 қазаннан бастап кинотеатрлар жұмыс істейді

Қазақстанда 26 қазаннан бастап кинотеатрлар жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Кинотеатрда қашықтық және маска тағу режимі сақталуға тиіс, сыйымдылығы 30%-тен аспауы керек.

Сонымен бірге эпидемиология ахуалы тәуір өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңмен қайта жандананды. 2020 жылдың 24 қазанынан бастап сенбі күндері сағат 17.00-ге дейін сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істейді.

Алайда мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым алынбайды. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға рұқсат жоқ.