Қызылордада 5 әлеуметтік дүкен ашылады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 10 мың тонна қоры бар. Оның ішінде, қала және аудандардағы ірі сауда орындарында жалпы 6,4 мың тонна өнім болса, тұрақтандыру қоймасында 3,3 мың тонна тауар тұр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Мұхтар Жансеитов мәлімдеді.

Өнімдер облыс орталығында орналасқан 29 әлеуметтік дүкен, екі әлеуметтік маркет, бес ірі сауда үйіне жіберіледі. Сонымен қатар 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қоры жеткілікті және бағасы тұрақты, — деді Мұхтар Жансеитов.