Камалжан Надыров қызметінен кетті

Камалжан Надыров енді Алматы қоғамдық денсаулық басқармасын басқармайды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Telegram-да хабарлады.

Айта кетейік, Камалжан Надыров бұл лауазымға биыл маусым айында тағайындалған еді.

Камалжан Надыров 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. С.Асфендияров атындағы қазақ мемлекеттік медициналық университетін, «Тұран» университетін, Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебін тәмамдаған. АҚШ, Түркия, Германия, Сингапур елдерінде білім алып, тәжірибеден өткен.

2007-2014 жылдары Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығында, кейін Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары University Medical Center бөлімшесінің директоры Республикалық диагностика орталығын басқарды. 2017-2018 жылдары Нұр-Сұлтандағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды. 2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарды. Былтыр наурызда Денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып тағайындалды.