Қазақстанда апта басында ауа райы қандай болады?

20-21 қазан аралығында Қазақстанның көп өңірінде ауа-райы жауын-шашынсыз және жылы болады. Одан кейін ауа температурасы төмендейді.

Елімізге келетін солтүстік-батыс циклоны жауын-шашынға әсер етеді. Республиканың солтүстігінде жаңбыр соңы қарға ұласады. Тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді және ауа температурасының төмендейді, — деп хабарлады синоптиктер.