Президент қорғаныс министрінің орынбасарларын тағайындады

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен: Дарын Шылбынұлы Тұяқов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне; Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, — делінген құжатта.