Қазақстанда коронавирусты барлығы 109 508 адам жұқтырды

Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 109 508-ге жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 14 527(+10);
Нұр-Сұлтанда — 14 296(+17);
Атырау облысында — 11 199(+8);
Қарағанды облысында — 10 400(+9);
Шығыс Қазақстан облысында — 9 012(+15);
Батыс Қазақстан облысында — 6 919(+6);
Шымкентте — 5 213(+2);
Алматы облысында — 5 024(+4);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 301(+9);
Жамбыл облысында — 4 153(+0);
Павлодар облысында — 4 062(+11);
Ақмола облысында — 3 567(+5);
Қостанай облысында — 3 547(+4);
Түркістан облысында — 3 399(+0);
Маңғыстау облысында — 3 372(+1);
Ақтөбе облысында — 3 269(+1);
Қызылорда облысында — 3 248(+0).

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 682 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 125 бала бар. 2 055 науқас стационарларда, 627 адам амбулатория жағдайында емделіп жатыр.

83 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.