Қытайда алғаш рет мұздатылған теңіз өнімінен COVID-19 анықталды

Циндаодағы коронавирус инфекциясының жаңа жағдайлары себептерін эпидемиологиялық зерттеу кезінде мамандар мұздатылған треске балығының сыртқы орамынан алынған оң сынамадан тірі вирусты бөліп алды.

Бұл — мұздатылған тамақ орамынан алынған оң сынамадан тірі вирусты бөліп алудың бірінші оқиғасы, сонымен қатар пакеттегі тірі вируспен байланыс инфекцияға әкелуі мүмкін екенін растады, — дейді орталық мамандары.

Министрлік Циндаодағы мұздатылған тамақ орамында тірі вирустың алынуы зертханадан тыс жерде, мұздатылған тағамды тасымалдаудың ерекше жағдайында болғанын айтты. Әрі COVID-19 қаптамада ұзақ уақыт өмір сүре алатындығы дәлелденген дүниежүзіндегі бірінші жағдай деп түсіндірді.

Сонымен бірге орталық мамандары инфекцияның төмен қаупін атап өтті. Өйткені бұрын қытайлық мамандар мұздатылған өнімдер орамдарынан алынған оң үлгілерден тірі вирусты ешқашан ала алмады.

Осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, COVID-19 тағамдық вирус емес. Тағамды тұтыну арқылы жұқтыру жағдайлары кездескен жоқ. Осы уақытқа дейін мұздатылған теңіз өнімдерімен байланысу арқылы инфекция болған емес. Оның негізгі таралу жолдары әлі де ауамен және адамдармен  тығыз байланыста болғаннан, — деп хабарлады мамандар.

Аурулардың алдын алу орталығы тәуекел тобындағы жұмысшыларға мұздатылған тағаммен байланыста жеке қорғаныс шараларын күшейтуді ұсынды.