Жамбыл облысында карантин режимі күшейтіледі

Қаулыға сәйкес тыйым салынған жұмыс орындары:

Балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, түнгі клубтар, боулинг орталықтары және тағы басқалар);

Демалыс және мереке күндері азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының, сауда үйлері;

Көпшілік жиналатын іс-шаралар;

Қалыпты режимде жұмыс істейтін мал базарлары;

Жерлеу іс-шараларын өткізуде қашықтықты сақтай отырып, 30-дан аса адамның жиналуына жол бермеу;

Сонымен бірге Жамбыл облысының елді-мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың жүріп-тұруы сағат 23.00-ден  06.00-ге дейін шектеледі. 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына тыйым салынады.