Басты бетЖаңалықтарШетелдіктер асырап алған қыз Қазақстаннан отбасын іздейді

Шетелдіктер асырап алған қыз Қазақстаннан отбасын іздейді

Яна Герати 1992 жылы мамырда Ақтөбеде дүниеге келген. Қызды 10 жасында асырап алып, шетелге әкеткен. Бұл туралы ол АҚШ-та тұратын қазақстандықтар жазылған Facebook-тегі топта жазба қалдырған екен.

Мен биологиялық ата-анамды және отбасы мүшелерімді іздеп жүрмін. Бұл топ менің ата-анамды табуға көмектесе алады деп естідім. Мені 2001 жылы асырап алған. Менің қазақ отбасымды табуға көмектесе алатындар болса, өте ризамын. Қолымда құжаттар бар. Алайда кез-келген ұйымға сенуге қорқамын. Себебі бұған дейін мені алдаған. Сондықтан қазір өзім іздестіріп жатырмын, — деп жазады  Яна Герати Facebook-тегі жеке парақшасында.

Яна Гератиді асырап алған  ата-ана одан жасөспірім кезінде бас тартқан екен.  Ол Қазақстанда аты Гранчевич Яна Манольевна болғанын айтады. Айтуынша, оның биологиялық анасының аты — Гранчевич Марина Павловна, 1964 жылы дүниеге келген. Сонымен бірге Яна Facebook-тегі жеке парақшасында  Вирджиния штатында тұратыны, АҚШ әскерінде қызмет ететінін көрсеткен.