Алматы облысында карантин режимі күшейтілді

2020 жылдың 19 қазанынан бастап Алматы облысында карантин шаралары күшейтіледі. Бұдан былай төмендегі объектілер жұмысын тоқтатады:

Сыйымдылығы 50 адамнан асатын қоғамдық тамақтану объектілері (асханалар, дәмханалар, кофе, мейрамханалар және басқа да мекемелерді қосқанда);

Барлық мектепке дейінгі ұйымдар (кезекші топтарды қоспағанда);

Барлық ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютер клубтары, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар).

Ойын-сауық спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, сондай-ақ отбасылық, естелік және салтанатты іс-шараларды өткізуге болмайды.

65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу енгізіледі.

Қоғамдық көліктер 6.00-ден 10.00-ге дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейінгі уақытта бес минуттан аспайтын интервалмен жолаушылар тасымалдайды.