Қырғызстан президентінің міндетін кім атқарады?

Конституцияда көрсетілген себептер бойынша президент өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда жаңа президент сайланғанға дейін оның өкілеттерін Жогорку кенеш төрағасы орындайды, — делінген ел Конституциясының 68-бабында.

Қанатбек Исаев 13 қазанда Жогорку кенеш төрағасы болды. Сол кезде оған 78 адам дауыс берді, 2 адам қарсы болды.

Егер Жогорку кенеш төрағасы президент өкілетін орындай алмаса, премьер-министр немесе премьер-министрдің міндетін атқарушы адам орындайды.

Садыр Жапаров Қырғызстанның жаңа премьер-министрі болды.

Кезектен тыс президент сайлауы мемлекет басшысы өкілеті тоқтаған күннен бастап 3 ай ішінде өткізіледі.

Президент міндетін атқарушының Жогорку кенешке мерзімінен бұрын сайлау өткізуге, үкіметті отставкаға жіберуге немесе мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауында президенттікке кандидат болуға құқы жоқ.

Айта кетейік, бүгін, 15 қазанда Қырғызстан президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кететінін мәлімдеді.