Seeds for the Future - Huawei Technologies компаниясының 2008 жылы құрылған бағдарламасы. Бүкіл әлемнің студенттері бағдарлама аясында компанияның бас кеңсесіне келіп, озық технологиялармен танысуға, алдыңғы қатарлы АКТ корпорациясының инновациялық зертханаларында ең соңғы үлгідегі заманауи қондырғылармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. 

Seeds for the Future бағдарламасына Қытайдағы Huawei Technologies-тің штаб-пәтеріндегі екі апталық оқу курсы және Шэньчжэньде өтетін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша теориялық және практикалық сабақтар кіреді. Сонымен қатар қатысушылар Бейжіңде қытай тілі мен мәдениетін үйренеді. Сапарды ұйымдастыруға, білім беру мен мәдени шаралар өткізуге арналған барлық шығынды Huawei Technologies компаниясы көтереді.

Seeds for the Future-ге техникалық мамандықтарда оқитын және телекоммуникацияға қызығушылық танытатын дүниежүзіндегі 200-ден астам жетекші университеттің үздік өкілі қатыса алады. Бағдарламаның бүкіл кезеңіне әлемнің 77 елінен, соның ішінде Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония, Малайзия, Сингапур, Ресейден 20 000-нан астам адам қатысқан. Бағдарлама саланың түрлі бағытындағы талантты жас мамандарды біріктіреді.

Seeds for the Future бағдарламасы Қазақстанда 2018 жылдан бері жүзеге асып келеді. Осы уақытқа дейін екі үлкен шарасы өтті. Бағдарлама арқылы Қазақстанның 20 үздік АКТ маманы мен докторанты Бейжің мен Шэньчжэньде екі апта оқуға жолдама алды.

seeds for the future

Жобаның маңызын ескере отырып, Huawei Technologies шараны қазіргі жағдайға бейімдеп, биыл да өткізуді шешті. Тек осы жолы Seeds for the Future Sky Program 2020 дүниежүзілік бағдарламасы онлайн режимде өтеді. Бұл формат алдыңғы жылдарға қарағанда көбірек студенттердің қатысуына мүмкіндік бермек.

Қазақстанда іріктеу кезеңі 21 шілде мен 21 тамыз аралығында өтті. Осы уақыт ішінде студенттерден 200-ден астам өтініш түсіп, оның 30-ы жобаға таңдалды. Іріктеудің негізгі критерийлері – ең жоғары GPA балдары және мотивациялық хат. Қыркүйек айының басында барлық қатысушы Huawei-дің 5G, AI, IP, Cloud сияқты курстарына, сондай-ақ АКТ нарығы сарапшыларымен вебинарларға қол жеткізді.

Seeds for the Future бағдарламасының ашылу салтанатында Huawei Technologies Kazakhstan бас директорының орынбасары Чу Фэй мырза, Huawei Technologies PR-менеджері Айман Сахова, Seeds for the Future 2019 түлегі Нұртілеу Сейілов және Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы білім жөніндегі кеңесшісі Ұлан Нұхитжан сөз сөйледі.

Seeds for the Future бағдарламасының мақсаты – әртүрлі мәдениет арасындағы алшақтықты жою және студенттерге ең жаңа технология білімі мен терең тәжірибе беру, жаңа таланттарды тәрбиелеу. Биыл бізге бағдарламаның форматын қайта қарау керек болды және біз Қытайдағы екі апталық оқудың мазмұнын байытумен және жетекші мамандардың шақыруымен соның орнын өтеуге тырыстық. Онлайн форматтың арқасында көптеген студент бағдарламаға қатыса алды, – деді Huawei штаб-пәтеріндегі бағдарлама үйлестірушісі.

Beeline RPA бастығы Александр Нуриев пен “Зерде” Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Павел Коктышев қазақстандық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығының сарапшылары болды.

Қазіргі кездегі техникалық мамандандырудың бірегейлігі мынада: біліміңізді енгізу үшін университетті бітіргенге дейін – 4-5 жыл күтудің қажеті жоқ. Бұрын корпоратив әлем бәсекелесі жоқ ірі ойыншылардан құралған. Қазір экономиканың құрылымы өзгеріп жатыр. Мысалы, TikTok 5 жылдан аз уақыт бұрын пайда болды және қазірдің өзінде нарықты жаулап алды. Стартаптардың артықшылығы мынада: олар кішкентайдан бастап, бірнеше жыл ішінде елдегі ең ірі компаниялардың біріне айнала алады. Сондықтан тәжірибе жинау, қате жіберіп, үнемі алға ұмтылу маңызды, – деп атап өтті Павел Коктышев.

Бағдарламаны аяқтағаннан кейін қатысушылар тест тапсырады және Huawei гаджеттерін сыйлыққа алады. Сонымен қатар одан әрі жұмысқа орналасу перспективасымен компанияда тәжірибеден өтуге мүмкіндік беретін жобаның 10 финалисі анықталады.

Биылғы бағдарламаның ерекшелігі неде?

1. Huawei Technologies-пен танысу

Қатысушылар виртуал турлар мен презентациялар арқылы Huawei Technologies өнімдерімен және қызметтерімен танысады, компания қызметкерлерімен сұхбаттасады.

2. ILearning платформасындағы онлайн-курстар

Қатысушыларға Huawei сарапшылары мен спикерлердің онлайн-курстары, дәрістері ұсынылады. Тақырыптар ең жаңа технологияларды, көшбасшылықты және сала тенденцияларын қамтиды.

3. Технология әлеміне саяхат

Ұйымдастырушылар қазірдің өзінде жетекші жоғары технологиялық компанияларға қызық виртуал сапарлар дайындады. Оның барысында байқау жеңімпаздары Қытай технологиясының дамуы туралы біліп, заманауи технологиялардың экожүйесін жақсы түсінеді.

4. Қытай мәдениетімен танысу

Студенттер Қытайдың әлемге әйгілі тарихи ескерткіштеріне (Ұлы Қытай қорғаны, Тыйым салынған қала) мамандандырылған виртуал тур жасайды және қытай мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін көреді.

Биылғы іріктеуге Қазақстанның жеті үздік жоғары оқу орынынан 30 студент таңдалды.

Бағдарлама арқылы алынған білім мен дағдылар студенттерге мамандануға, еңбек нарығында түлектерге деген сұранысты арттыруға көмектеседі, ал мамандарға озық АКТ туралы білімдерін және оларды жұмыста қолдану мүмкіндігін кеңейтпек.

Айта кетейік, кейінгі жаңалықтың барлығын Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының Instagram-дағы ресми парақшасынан бақылап отыра аласыз.