Айжан Есмағамбетова жаңа қызметке тағайындалды

Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін гигиенист дәрігер, эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматыдағы №7 емханада фельдшер-зертханашы болып бастаған.

1997-2004 жылдары Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2004-2014 жылдары ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымында жетекші маманнан бастап төрағаға дейін түрлі лауазымды атқарған.

2014 жылы ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры — бас мемлекеттік санитар дәрігердің орынбасары,

2014-2017 жылдары ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы,

2017 жылы ҚР ДСМ стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры,

2017-2020 жылдары ҚР қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры қызметтерін атқарды.