Елімізде 3,3 мыңнан астам мекеме карантин талаптарын бұзған

Ерлан Қиясовтың айтуынша, азаматтар маска тақпаған, арақашықтық сақтамаған, карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілер жұмыс істеп тұрған, мекемелерге медицина қолғабы мен антисептик қойылмаған, адам көп жиналатын іс-шаралар өткен.

Қазіргі уақытта әкімдіктер жанындағы 873 мониторинг тобы карантин шараларының сақталуын тексеруді жалғастырып жатыр. Карантин режимі жеңілдеген сәттен — 18 қыркүйектен 12 қазанға дейін 26 013 объектіні тексердік, 3 302 объектіде талап  бұзылғаны анықталды. Кейінгі үш аптада Нұр-Сұлтанда ереже жиі сақталмаған,  тексерілген объектілердің 37% санитария шаралары мен карантин талаптарын ескермей жұмыс істеген, Алматы облысында бұл көрсеткіш 35%, — деді Ерлан Қиясов.

1 566 адамға әкімшілік айыппұл салынды. Түркістан облысында 431, Нұр-Сұлтанда 105 және Шымкентте 106 мекеме жауапқа тартылды.