Нарықта шығыс материалдарының бағасы төмендегендіктен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ПТР зерттеу тарифін 22% төмендетуді ұсынды. Жеке қорғаныс құралдары мен сараптама құны төмендейді. Тиісті келісімнен кейін тариф осы айдың соңына дейін бекітіледі, — деді Алексей Цой.
Ведомство басшысының айтуынша, қазір зертханалар тәулігіне 48 мыңға жуық тест жасай алады. Өңірлерді зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету, мамандарды оқыту жұмыстарының нәтижесінде тәулігіне 63 мың зерттеу жасауға болады.