Қызылордада Жəлел Қизатов атында тоғызқұмалақ турнирі өтті

Облыс орталығы мен мен аудандардан барлығы 46 спортшы қатысып, iggamecenter.com сайтының тоғызқұмалақ алаңында онлайн жүйе бойынша бақ сынасты.

Олардың қатарында екі ҚР спорт шебері, 12 спорт шеберлігіне үміткер, I және II спорттық разрядты спортшылар да болды.

Онлайн бəсекеде Сырдария ауданының спортшылары мықтылықтарын дəлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді.

Ер балалар арасында Жантөре Аманқос 1-орынды, Ерасыл Пернебаев 2-орынды, Дамир Ахметов пен Самат Қалдыбек 3-орындарды иеленді.

Қыз балалар арасында Əсем Дəуренбекқызы алтын медальға ие болса, Бекзат Əмір күміс, ағайынды Нұрай жəне Нұрила Мектепхан қола жүлделерді еншіледі.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге Қызылорда облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының диплом, медаль, естелік сыйлықтары табысталды.