Коронавирус: кейінгі аптада өлім дерегі елдің 13 өңірінде тіркелмеді

Қазақстанда өткен аптада 22 адамның өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды.

Өлім дерегі республиканың 4 өңірінде тіркелді. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 18 адам қайтыс болды.

Коронавирустан қайтыс болған ең жас науқас 29-да, ал егде жастағы науқас 93-те болған, екеуі де Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны.

Шығыс Қазақстан облысында — 18:

1953, 1941,1963, 1943, 1938, 1936, 1927, 1991 жылғы ер адамдар,
1959, 1962, 1959, 1978, 1969, 1950, 1963, 1940, 1961, 1958 жылғы әйел адамдар.

Солтүстік Қазақстан облысында — 2:

1939, 1966 жылғы ер адамдар.

Қостанай облысында -1:

1976 жылғы әйел адам.

Маңғыстау облысында -1:

1967 жылғы ер адам.