Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 2 азаматы қайтыс болды

Онда 20 жастағы түркістандық жігіт пен 50 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны көз жұмған.

Жас жігіт 8-9 метр биіктен құлаған. Ал 1970 жылы туған әйел ағаштан алма теріп жатқанда сатыдан құлап кеткен. Қазір тергеу жүріп жатыр. Осы айдың ағына дейін олардың мәйіті Қазақстанға жеткізіледі, — деді «Друзья по СНГ» корейлердің халықаралық қоғамдық ұйымы адвокатының көмекшісі Мейірбек Садық.

Оның айтуынша, Кореяда кейінгі 6 айда Қазақстанның 6 азаматы қайтыс болған.