Басты бет Жаңалықтар Алматылық жасөспірім World of Tanks ойынынан автокөлік ұтып алды

Алматылық жасөспірім World of Tanks ойынынан автокөлік ұтып алды

Алматыда World of Tanks бойынша Орталық Азия Лигасы финалының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі сурет

Бірінші орынға 5 млн теңге беріледі. Оны Қазақстан командасы ZERO’ONE.RUN алды. Екінші орындағы команда — PUSH (Қазақстан) — 2 млн теңге, үшіншіде — Asian Empire (Қазақстан) ұтысы 1 млн теңге,  4 орында Cheaters (Қырғызстан) командасы — 350 тыс теңге иеленді.

World of Tanks бойынша қазіргі әлем чемпионы Na’ Vi командасының менеждері  Дмитрий Репиннің айтуынша, Орталық Азия ойыншыларының команда ішінде бір-бірімен қарым-қатынастары өте жақсы деп отыр.

«Олар ойынға қызу беріліп кеткен, алайда қажет кезінде салқынқандылық таныта алады. Сондықтан олардың ойынын тамашалау қызықты. Осы ойыншылардың болашағы зор екеніне сенімдімін. Соңында біздің команда мен осы бүгінгі біріншіліктің жеңімпаз командасы арасында шоу-матч өткізіледі», — деді ол.

Ал автомобильді Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы колледжінің студенті Халит Мырзажанов иеленді. Ол жеке есебінде айқаста 2750 ұпай жинаған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version