Қызылордада ауыл әйелдерінің форумы өтеді

Биыл карантинге байланысты форум ZOOM онлайн-алаңында өткізіледі.

Форумда әйелдер тәжірибелерін бөлісіп, пікір алмасады. Жаңа бағытта жұмыс бастағысы келген әйелдер сұрақтарын қойып, толық мағлұмат беріледі. Облыс тұрғындарының 49%-і әйелдер болса, оның 54%-і — ауыл әйелдері. Қазіргі таңда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүріп жатыр. Биыл өңірде «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық жердегі 8 әйелге 16 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді. Аймақта кәсібін ашып, елдің дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді, — деді Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова.

Сонымен қатар биыл «Бойтұмар ханым» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал» жобасы жүзеге аспақ. Мақсаты — аналармен кездесіп, ұлттық тәрбиені нығайту.