Елде коронавирус пен пневмониядан тағы 5 адам қайтыс болды

1 тамыздан барлығы 34 875 пневмониямен ауырды, 367 адам қайтыс болды. Ал жазылып шыққандардың саны 27 676-ға жетті.

Сонымен қатар, коронавирустан 3 адам қайтыс болды.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 012 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 73 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 952 науқас жатыр. 1 060 адам амбулатория жағдайында емделіп жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 82 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып жатыр. 14 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.