Moldanazar — Aramyz jylyp kalar

Ғалымжан Молданазар — елімізге ғана емес, алыс-жақын шетел көрерменіне де ерекше стилімен танымал әнші. Ғалымжанның әндері құдды терапия секілді. Осы күзде шыққан Aramyz jylyp kalar атты кезекті әні де дәл сондай керемет атмосфера сыйлай білді. Жаңа туындысында әнші махаббат пен күздің салқындығын тамаша үйлестірген. Әнімен бірге бейнебаяны да жарық көрді. Плейлистке қосып қоюды ұсынамыз.

Ninety One — Señorita (Tekketekke)

«Сені таппасам,

Текке текке текке текке таппасам,

Әнім, текке текке текке таппасам,

Бике-бике аууу!…»

Осыдан бірнеше ай бұрын 91 тобы осы бір тизерді тыңдармандарына ұсынған болатын. Әдеттегідей, жанкүйерлер жаңа туындыны да, ол кіретін жаңа альбомды да асыға күтті.  Ninety One тобының орындауындағы Señorita әні осы күздің топтамасында болуы тиіс.

Darkhan Juzz — Yen Sulu

Айнала әсемдікке толы. Көк аспан сұлу, кең дала сұлу, асқақ тау сұлу. Бірақ сол бір арудың сұлулығына ештеңе жетпейді. Ол қандай ару? Darkhan Juzz-дің «Yen Sulu» әнін тыңдап, бірге білейік.

Qonyratbay Fam — Bir an salam

Бұл ән жаныңызға тыныштық сыйлайды. Тректі тыңдап отырып, өткен өмірге қорытынды жасап, болашақ жайлы армандауға болады. Тіпті бейнебаяны да осындай бір қоңыржай күзгі көңіл-күй береді.

XANSAMAT & AZAMAT — Каспий жағалауы

Махаббат, сағыныш, айлы түн және Каспий жағалауы. Мұның бәрі Азамат пен ХANSAMAT-тың «Каспий жағалауы» атты әнінде жырланады.

Son Pascal & Dana Tunes — Ber Turma

Әнші Son Pascal-дің Қазақстан аудиториясының жүрегін жаулап алғанына еш күмәніміз жоқ. Бұл тректе итальян текті Сон қазақстандық Dana Tunes-пен дуэт орындапты. Атауы — Ber Turma. Әуенін Дананың өзі жазған. Ұсынамыз.

2Rar — Ұзын шаштарың

2Rar атымен танымал әншінің «Ұзын шаштарың» атты әні 2020 жылдың 24 қыркүйегінде тыңдарманға жол тартты. Әнші сол бір арудың төгілген шашына ғашық болса, ән сіздің жүректі баурап алары анық.