Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны тағы көбейді

8 қазанның қорытындысы бойынша COVID-19 тағы 107 адамнан анықталды, 154 пациент инфекцияны жеңіп шықты, 3 науқас қайтыс болды.

Жаңа дерек Нұр-Сұлтанда (17), Шығыс Қазақстан (16) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (14) көп анықталды.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір күнде тіркелген дерек саны:

Алматыда — 14 430(+11);
Нұр-Сұлтанда — 14 170(+17);
Атырау облысында — 11 128(+8);
Қарағанды облысында — 10 328(+6);
Шығыс Қазақстан облысында — 8 884 (+16);
Батыс Қазақстан облысында — 6 877(+3);
Шымкентте —  5 198(+3);
Алматы облысында — 4 992(+3);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 183(+14);
Жамбыл облысында — 4 134(+2);
Павлодар облысында — 3 975(+9);
Ақмола облысында — 3 514(+4);
Қостанай облысында — 3 508(+3);
Түркістан облысында — 3 392(+4);
Маңғыстау облысында — 3349(+3);
Ақтөбе облысында — 3 254(+1);
Қызылорда облысында — 3 245(+0).

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 108 561-ге жетті, 103 758 пациент жазылды, 1 759 науқас қайтыс болды.