Қырғызстандағы тәртіпсіздік: зардап шеккендер саны мыңнан асты

Билік 911 адамның жарақаттанғанын және бір адамның қайтыс болғанын хабарлаған.

Қазір зардап шеккендер саны 1002-ге жетті, бір адам көз жұмды, -деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Оның айтуынша, зардап шеккен 797 адамға алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық жағдайда емделуге жіберілген, ал түрлі жарақат алған 204 адам ауруханаға жатқызылған.

Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда елдегі парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірді.