Пандемия Қазақстандағы кондитер нарығына қалай әсер етті?

Кондитер нарығы өнімді негізінен бес санат бойынша ұсынып отыр: шоколад, печенье, кәмпиттер жиынтығы, өлшеніп сатылатын кәмпит және мармелад. Қазіргі уақытта бисквит, оның ішінде печенье мен вафли көбірек сатылып жатыр екен. Қазақстанда төтенше жағдай кезінде бұл өнімдердің орташа сатылымы (килограммен) өткен жылға қарағанда 12% өскен.

Шоколад плиткасы саудасы да оң динамикаға ие: өсім көрсеткіші — 4%. «Рахат» плитка шоколады нарықта жетекші орынды бермей отыр. Бұл тауардың бисквит санатындағы үлесі де артып келеді екен.

Шоколад кәмпиттеріне деген сұраныстың төмендеуіне қарамастан «Рахаттың» табысы өткен жылмен салыстырғанда кемімепті. Шоколад кәмпиттерінен түсуі керек табыстың орны бисквит пен шоколад плиткаларына деген сұраныстың артуы есебінен толығыпты. 2020 жылы шыққан жаңа өнімдер де бұл оң динамиканың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан.

Экспорт азайды ма?

Карантин кезінде «Рахат» өнімдері сатылатын елдердегі сауда орындары мен дистрибьютор компаниялар қызметінің шектелуіне байланысты экспортқа жіберілетін өнім сатылымының төмендеуі байқалыпты.

Шекаралардың жабылуына байланысты Қытай мен Түркіменстанға экспорт тоқтаған. Дегенмен фабрика дайын отыр және жақында өнімдерді шетелге қайта жібере бастайды.

Клиенттердің талғамы қалай өзгерді?

«Рахат» компаниясының басқарма төрағасы Константин Федорецтың айтуынша, карантин кезінде тұтынушы талғамы қолжетімді сегменттерге (печенье/карамель/мармелад) қарай өзгерген. Бір сөзбен айтқанда клиенттер дәмді тәттіден гөрі қарынды тойдыратын өнімдерді көбірек сатып алған. Зауыт қазірдің өзінде осы санаттардағы өнімдерге баса мән беріп отыр. Құрамы табиғи ингредиенттерден, яғни  жеміс пектині, агар-агар және қант мөлшері төмендетілген желатиннен жасалатын мармелад шығарыла бастады. Бұдан өнімнің әдеттегі дәмі өзгермеген. Ал дәстүрлі рецептіге орай әзірленетін өнімдер қатар шығарыла береді.

Константин Федорец
Константин Федорец. Фото: Камила Ержан

Дағдарыс бізді қайта топтасып, көп жобаны қолға алуға итермеледі. Мұндай жағдай «Рахатты» анағұрлым бәсекелі ете түсті. Локдаун кезіндегі күрделі жағдайға  қарамастан Шымкентте мармелад пен печенье өндірісі желісін іске қостық. Оның бірінде жергілікті өндірушілердің қолында аналогы жоқ печеньенің жаңа түрін шығармақпыз. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ассортиментті қолжетімді санаттармен толықтыру — басты мақсатымыз. Сонымен қатар Қазақстандағы жастардың бала кезде есінде қалған дәстүрлі дәмді сезініп, біздің тәттіге қызығушылық танытқанын байқадық. Сондықтан «жасаруды» тоқтатпаймыз, — деді Константин Федорец.

Ұлттық оюмен көмкерілген шоколадтар

Компания қазақстандықтар арасында заманауи өнерді насихаттауға өз үлесін қосып жатыр. Константин Федорец Art FUTURE мәдени және шығармашылық алмасу платформасымен бірлескен Qazaqstan óneri жобасын қолға алғанын хабарлады. «Казахстанский» шоколады мен «Рандеву», «Поздравляю!», «Құттықтаймыз!» кәмпиттер қорабында енді заманауи қазақстандық суретшілер Асқар Есдәулет, Қазақбай Әжібекұлы, Ержан Танай, апалы-сіңлілі  Ғалия мен Бота  Құсайыновалар, Оразбек Есенбаев пен Арыстанбек Шалбаев суреттерінің репродукциялары бар.

«Рахат» компаниясының мәдениетті дамыту, дәстүрлерді зерттеу секілді құндылықтарға арқа сүйегені қуантарлық жайт. Жобамыздың моделін «Рахаттың» бизнес моделімен сәйкестендірдік. Qazaqstan Oneri жобасы қазақстандықтарды еліміздің заманауи өнері, отандық авторлар және олардың шығармашылығы туралы барынша хабардар болуға, оны зерттеуге ынталандыруға негізделген, — дейді Art Future жобасының негізін қалаушы, Esentai Gallery директоры Тоғжан Сақбаева.

"Рахат" компаниясы
Инфографика: «Рахат» компаниясы

Бұл  еліміздегі кондитерлік индустрия флагманының жалғыз жобасы емес. Бір жыл бұрын белгілі суретші Мұрат Ділманов кезекті шоколад сериясының және Almaty кәмпиттер жиынтығының дизайнын жасаған еді. Жақында еліміздің сөрелеріне жас суретші Әйгерім Кәрібаеваның суреттері салынған «Рахаттың» жас аудиториясына арналған бұйымдары шығады.