Рамстор Қазақстан нарығынан кетуге ниетті

Ramstore.kz хабарлауынша, MIGROS TICARET A.Ş. «Рамстор Казахстан» ЖШС бөлшек операциялық қызметін қайта қарады. Бұл бойынша Қазақстандағы бір дүкенді сату және алты дүкеннің жалдау шарттарын беруге қатысты келіссөздер басталды. Жабдықтар мен осы дүкендегі қорлар да сатылады.

Дүкен құрылтайшысы «Рамстор Казақстан» Алматының Самал ықшамауданындағы көпфункционалды Ramstore All In кешенін басқар арқылы жұмысын жалғастыратынын айтты. Оған дүкеннің Қазақстандағы инвестициясының көп бөлігі тиесілі.

Біздің еншілес компаниямыз — «Рамстор Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасында екі бағытта жұмыс істейді: сауда орталықтарын басқару және бөлшек сауда. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша оның үлесі біздің компанияның шоғырландырылған сатылымының шамамен 0,8%-іне тең, — деп хабарлады MIGROS TICARET A.Ş.

2017 жылы Ramstore All In көпфункционалды кешені қайта жаңартылды.