Нұр-Сұлтанға шетелден келген 122 жолаушы стационарға жатқызылды

8 қазанда Нұр-Сұлтанға Turkish Airlines, Air Astana және Flydubai әуе компанияларының ұшақтары қонды. Онда барлығы 828 жолаушы мен 36 экипаж мүшесі бар. 122 жолаушының ПТР анықтамасы болмағандықтан олар стационарға карантинге жатқызылды.

Олар ПТР тест тапсырады, оң нәтиже көрсеткендері инфекциялық стационарға жіберіледі, ал нәтижесі теріс болғандары үйіне қайтарылады.

Баспасөз қызметі ешбір жолаушының дене қызуы болмағанын хабарлады.
Айта кетейік, көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов биыл 6 қазаннан бастап әуе рейстерімен келетін шетелдік азаматтар ПТР әдісімен COVID-19-ға тесілеуден өткені туралы анықтамасыз Қазақстанға кірмейтінін мәлімдеген еді.  Анықтама мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 72 сағаттан аспауға тиіс.