Кезекші кластарда оқитын 144 бала коронавирус жұқтырды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

Ең көбі Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды, Қостанай облыстарында тіркелді. 5 қазаннан бастап  Сақтану ережелі белгілі: бетперде тағу, санитайзер қолдану, арақашықты сақтау. Әр мектепте және балабақшада жұмыс істейтін дәрігерлер келген мұғалімдерді, тәрбиешілерді, оқушыларды міндетті түрде тепловизормен тексереді. Содан кейін ғана оқуға рұқсат береді, — деді Бағдат Қожахметов.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 145 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 74 бала бар.