Басты бетМедицина"Әкімдер жауап...

«Әкімдер жауап беруі керек». Президент Қазақстанда ана өлімі көбеюі туралы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, былтырғы 8 айда 36 әйел қайтыс болса, биылғы 8 айда 131 әйел қайтыс болыпты. Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш шамамен 13 есе, Қызылорда облысында 9 есе, Шымкентте 7 есе көбейді.

Неге бұл адамдарға көмек көрсетілмеді? Қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл — өте өзекті сұрақтар. Оларға әкімдер жауап беруі керек, — деді ол.

Президент Үкіметке өңірлермен бірлесіп, аталған фактілердің әрқайсысын тексеріп, нәтижесін баяндауды тапсырды.

Ана мен баланы қорғау, онкология, кардиология, пульмонология және медицина көмегінің басқа да түрлерін беру — ел алдындағы міндетіміз. Әкімдерді, жалпы Үкіметті бұл міндеттен ешкім босатқан жоқ. Президент әкімшілігіне осы мәселені бақылауға алуды тапсырамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.