Мемлекет басшысы: Карантин шаралары сақталмай жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Мемлекет басшысы карантин кезінде мониторинг жүргізетін топтардың жұмысын жандандыруды тапсырды.

Мониторинг жүргізетін топтар тексерістерін азайтты. Карантин шаралары сақталмай, заң бұзу дерегі көбейіп кетті. Әкімдерге мониторинг жүргізетін топтардың жұмысын жандандыруды тапсырамын. Ведомствоаралық комиссия осыны қатаң бақылауға алуға тиіс, — деді президент.