Үш бірдей министрлік Жаңа жыл мерекесін атап өтпейтін болды

Ұлттық экономика, Қаржы, Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері дағдарысқа байланысты Жаңа жылдық мереке өткізбейтін болды. Бұл туралы министрлер айтты, деп хабарлайды Total.kz.

Жаңа жылдың алдында ұйымдастырылатын корпоративтік кештерден ең бірінші болып Ұлттық экономика министрлігі бас тартты. Келесі жылғы Қазақстандағы экономикалық жағдайды бірінші болып білетін министрлік шешімді дұрыс деп отыр.

«Бізде мереке аталып өтпейді», — деп қысқа қайырды ұлттық экономика минисрі Ерболат Досаев.

Осыдан соң алда келе жатқан мерекені атап өту жоспарда жоқ екенін Қаржы министрлігі мәлімдеді.

«Корпоратив болмайды. Біз одан бас тарттық. Үлкен мерекелік кеш жасамаймыз. Біз еңбекпен жеткен жетістіктеріміз арқылы атап өтеміз», — деді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ, жыл нәтижесі бойынша мерекелік кешті шектеу туралы шешімді Білім министрлігі де қабылдады.

«Біз әзірге жоспарлап отырған жоқпыз. Бірақ жұмыста бәріміз жиналып жылдағы жетістіктерімізді атап өтеміз. Мейрамханада өткізуді жоспарламаймыз», — деді Білім министрі Аслан Сәрінжіпов.

Айта кетейік, елдегі дағдарысқа қарамастан Астана және Алматы қалаларының ірі мейрамханаларында Жаңа жыл мерексін атап өту үшін барлық күндер белгіленіп қойған. Әрбір адам үшін 20-38 мың теңгеден кем емес қаржы төленеді. Осы қаржы үшін рестораторлар мерекелік дастарханнан бөлек ойын-сауық бағдарламаларын ұсынып отыр.

Фото:gazeta.ru

Дереккөз7kun.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстан құрамасы футболдан Данияны жеңді

Қазақстанның футболдан құрама командасы Дания командасын Еуропа-2024 чемпионатына іріктеу кезінде жеңді.

Премьер-министрдің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынады

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясында премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен Amanat партиясы ұсынатынын айтты.

Президент мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Биыл көпбалалы отбасылар 66,9 миллиард теңге жәрдемақы алды

Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны орта есеппен 535,3 мың отбасы алды, бұл шамамен 66,9 миллиард теңге. 

Президент үкімет пен парламенттің алдағы бес жылдағы негізгі міндетін атады

Мемлекет басшысы үкімет пен парламенттің алдағы бес жылдағы негізгі міндетін атады.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Елімізде кейінгі тәулікте 80 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.