Рудныйға жаңа әкім тағайындалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Рудныйға жаңа әкім тағайындады,  оны жергілікті активке ұсынды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Архимед Мұхамбетов және Қуандық Испергенов
Архимед Мұхамбетов және Қуандық Испергенов. Фото: Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қуандық Испергенов 1970 жылы 8 шілдеде Қостанай облысы Жітіқара ауданы Аққараға ауылында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар. Рудный индустриалдық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша және Қостанай әлеуметтік академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Бұрын Бейімбет Майлин атындағы аудан әкімі қызметін атқарған.