6-8 қазан аралығында бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

Бұл антициклон бұлтты өрістерді біртіндеп таратады, осыған байланысты түнде ауа температурасы минус мәніне дейін төмендейді.

Республиканың солтүстік және шығыс өңірлері ғана солтүстік циклон жырасының ықпалында болады. Мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, екпіні күшті жел тұрады, көктайғақ болады, тұман түседі, — делінген хабарламада.