Индустрияландыру жылдарында Алматы облысында 10 мыңға жуық жұмыс орны құрылды

Алматы облысында биыл Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2400 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 104,1 миллиард теңгеге 12 жоғары технологиялық және инновациялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Оның ішінде жыл басынан бері 14,1 миллиард теңгенің 3 жобасы пайдалануға беріліп, 578 жұмыс орны құрылды.

Белгілі болғандай, жыл соңына дейін осы бағдарлама аясында 1800-ден астам жұмыс орнын құрумен жалпы құны 90 миллиард теңгені құрайтын 9 жоба енгізіледі. Сонымен бірге, тек индустрияландыру жылдарында, яғни 2010 жылдан 2019 жылға дейін облыста құны 344,2 миллиард теңгені құрайтын 64 нысан пайдалануға беріліп, 10 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Олар 307,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 9,1% құрайды.

Индустрияландыру картасының жобалары бойынша «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде қажетті инфрақұрылымды қорытындылау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары тұрақты негізде жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы осы мақсаттқа 1,4 миллиард теңге қаржы бөлінді.