«Рухани жаңғыру». Текеліде IQ DODA зияткерлік байқауы басталды

Доданың ашылу салтанатында Рухани жаңғыру орталығының басшысы Дана Дүйсенова сөз сөйлеп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы кеңінен сөз қозғады. Сонымен қатар, ойынның барысы мен маңыздылығына тоқталып, ойынға қатысушыларды құттықтады.

Дода 8 қазанға дейін жалғасады. Ең үздік деп танылған команда Талдықорған қаласында болатын ақтық сында анықталады. Бүгінгі Текелі қаласындағы зияткерлік ойынға алты команда бақ сынады. Ой-өріс пен шапшаңдықты талап ететін жарыс өте тартысты өтті. Әр турдың өзіндік маңызы мен бағалау әдісі бар.

Сынға түскен командалар ұпай жинауы керек. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетіп, алдағы турларға жолдама алады. Сол кездерде осы жинаған ұпайлары кәдеге жарайды. Тек бесінші турда ғана капитандар бақ сынайды. Соңғы бәсекеде бар жиған ұпайын бәске тігіп, сұраққа дұрыс жауап беру керек. Егер дұрыс жауап берген жағдайда, команда жеңіске жетеді. Ал қателессе орын да, ұпай да күйіп кетеді.

Текелі қаласындағы тартыста «Ұлан» командасы жеңіске жетті. Әр ауданның үздіктері бас қосатын додада «Ұлан» командасы бақ сынайды. «Жүлде қоры қомақты. Ақыл-ойдың ойыны болғасын жеңген команда Кайрдағы ең үлкен кітапханаға баруы тиіс еді. Өкінішке қарай, қазіргі індетке байланысты ол жоспар кейінге шегеріліп, жеңімпаздар қаражатпен марапатталады», — дейді ұйымдастырушы топ. Әзірге «Ұлан» командасы алда келеді.