Армения Әзербайжанның шабуыл жасағанын хабарлады

Жау жаңа күштерді ұрысқа жіберді. Түнде мықты шайқас болды, — деп жазды Арцрун Ованнисян Facebook-те.

Tengrinews.kz-тің мәліметінше, Қарабақтағы қиян-кескі шайқастар солтүстік және оңтүстік бағытта жүріп жатыр. Бұл туралы Армения Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян хабарлады.

Солтүстік және оңтүстік бағыттарда қызу және табанды шайқастар жүріп жатыр. Жау бұл қапталдарға басты күштерін шоғырландырды және шабуылға көшті. Армения бөлімшелері жаудың алға жылжуын тоқтатып, оған үлкен шығын келтірді, — деп жазды Шушан Степанян.

Армения Әзербайжанның үш ұшағын жойғанын мәлімдеді. Сонымен қатар Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армениямен майданның түрлі бағытында қызу шайқас жүріп жатқанын мәлімдеді.

Майдандағы жағдай шиеленіскен күйі қалып отыр. Түнде майданның түрлі бағытындағы жаудың жауынгерлік белсенділігі тоқтап, оған қатты соққы жасалды. Бүкіл майданда қиян-кескі шайқастар жалғасып жатыр, — делінген Әзербайжан қорғаныс ведомствосының хабарламасында.