Димаш Құдайбергеннің клипі МTV арнасында көрсетілді

Бірнеше күн бұрын әншінің бейнеклипі АҚШ-тың MTV арнасында көрсетілетіні хабарланған еді. Осылайша Димаш бейнеклипі АҚШ арнасында қазақ тілінде көрсетілген алғашқы қазақстандық артист болды.

Видеоны АҚШ халқы MTV арнасынан көре алады. Ал басқа ел тұрғындары арнаның YouTube-каналынан тамашалайды.

Таңғаларлық жаңалық! MTV арнасынан менің әнімді тыңдап көруді сұрағандарыңызға алғысым шексіз, — деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Қазақстандағы АҚШ елшілігі әншіні MTV-дегі дебютімен құттықтады.