Мемлекет басшысы АҚШ президентіне тезірек жазылуды тіледі

Президент Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне шын көңілден тілектестік білдіремін, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Бүгін, 2 қазанда Дональд Трамп пен оның жұбайы Мелания Трамптың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы АҚШ президенті Twitter-дегі парақшасында хабарлады.