Басты бет Қоғам Президенті әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Президенті әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Бұл қызметке Қайрат Жақыпбаев келді.

Қайрат Жақыпбаев. Фото: Kegoc.kz

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Қайрат Жақыпбаев мұның алдында атқарған қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, — делінген жарлықта.

Exit mobile version