Алдағы 3 тәуліктегі ауа райы: тұман, көктайғақ, бұрқасын

4 қазан, жексенбі күні республиканың солтүстік-батысы, солтүстігі, ал келесі аптаның басында Қазақстанның орталығы мен шығысы циклон жырасының ықпалында болады. Бұл циклонның орталығы Таймыр түбегінің үстінде орналасқан және арты қарға ұласатын жаңбыр әкеледі.

Еліміздің қалған аумағы Баренц теңізі аудандарынан келетін кең антициклонның ықпалында болады. Антициклон негізінен жауын-шашынсыз ауа райына әсер етеді. Республика бойынша ауа температурасының біртіндеп төмендейді, тұман түседі, жел күшейеді, солтүстікте, орталықта және шығыста көктайғақ, бұрқасын болады, — деп хабарлады мамандар.