Қазанның бірінші күнінде қанша адамнан коронавирус анықталды?

Жаңа дерек Қазақстанның 14 өңірінде тіркелді. Шымкентте, Түркістан және Маңғыстау облыстарында коронавирус бірде-бір адамнан анықталмады.

Өзге өңірлермен салыстырғанда Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 жұқтырған көп науқас тіркелді. Мұнда кейінгі тәулікте 18 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды.

Алматыда — 14 394(+4);
Нұр-Сұлтанда — 14 109(+2);
Атырау облысында — 11 096(+3);
Қарағанды облысында — 10 280(+6);
Шығыс Қазақстан облысында — 8 769(+18);
Батыс Қазақстан облысында — 6 865(+2);
Шымкентте — 5 189(+0);
Алматы облысында — 4 974(+5);
Жамбыл облысында — 4 127(+2);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 112(+10);
Павлодар облысында — 3 936(+6);
Қостанай облысында — 3 492(+2);
Ақмола облысында — 3 489(+2);
Түркістан облысында — 3 378(+0);
Маңғыстау облысында — 3 340(+0);
Ақтөбе облысында — 3 251(+2);
Қызылорда облысында — 3 243(+1).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 108 044-ке жетті, 103 028 адам жазылып шықты, 1 737 науқас қайтыс болды.