Қазақстанда кейінгі тәулікте құс өлімі азайды

Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Шымкентте құс өлімі болған жоқ. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында құс өлімі төмендеді, — деді Тұрсын Қабдулданов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

Тұрсын Қабдулдановтың айтуынша, Қазақстанның 3 өңірінде құс тұмауы мүлдем анықталмады. Ал құс тұмауы расталған немесе күдігі бар 48 елдімекенге карантин шектеулері енгізілді.