Бүгін – Қазақ радиосының хабар таратқанына 99 жыл

1 қазанда Орынбордан ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен Ұлт үнжариясы – Қазақ радиосының бірінші рет хабар таратқанына 99 жыл толды. Айтулы күнге орай Қазақ радиосындағы әріптестер тыңдарманына ерекше сый дайындап отыр. Бұл туралы Аида Балаева Facebook-парақшасында жазды.

Осы күнгі бағдарламаларды үні көпшілік құлағында қалған радио ардагерлері – Ұлжан Пармашқызы, Сауық Жақанова, Аманжан Еңсебайұлы, Бүркіт Бекмағамбетов, Құсман Игісінов, Күләш Молдахметова, Әбдірәлі Бөлебай және Нұржан Жалауқызы жүргізеді.

Келер жылы ғасырлық мерекесін атап өтетін, тәулік бойы бойы хабар тарататын еліміздің бірінші радиосын тыңдап өстім, тыңдап келемін. Оның үстіне, Сауық апамыздың ертегілерін, Аманжан ағаның қоңыр үнін естіп есейген ұрпақтың бірі ретінде бұл тартуды ерекше қабылдадым, – деп жазды Аида Балаева Facebook-парақшасында.

1 қазанда Орынбордан ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен Ұлт үнжариясы – Қазақ радиосының бірінші рет хабар таратқанына 99 жыл болады. Айтулы күнге орай Қазақ радиосындағы әріптестеріміз тыңдарманына ерекше сый дайындап отыр.⠀Осы күнгі бағдарламаларды үндері көпшілік құлағында қалған радио ардагерлер – Ұлжан Пармашқызы, Сауық Жақанова, Аманжан Еңсебайұлы, Бүркіт Бекмағамбетов, Құсман Игісінов, Күләш Молдахметова, Әбдірәлі Бөлебай, Нұржан Жалауқызы жүргізеді.⠀Келер жылы ғасырлық мерекесін атап өтетін, тәулік бойы бойы хабар тарататын еліміздің бірінші радиосын тыңдап өстім, тыңдап келемін. Оның үстіне, Сауық апамыздың ертегілерін, Аманжан ағаның қоңыр үнін естіп есейген ұрпақтың бірі ретінде бұл тартуды ерекше қабылдадым.⠀Қазақ радиосы үнемі қосулы болсын! @qazradio.fm#QazaqRadiosy

Опубликовано Aida Balayeva Вторник, 29 сентября 2020 г.