Ордабасы ауданында 2300 гектардан аса жер мемлекет қорына қайтарылды

Қазіргі таңда аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков тиісті сала мамандарына түгендеу жұмыстарын әлі де ширата түсу керектігін тапсырды. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, Төрткүл ауыл округінен мемлекеттің мұқтажы үшін Батыс Европа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізіне алынған жер учаскелеріне «КазАвтоЖол» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалы тарапынан мемлекеттік сәйкестендіру актілері алынып рәсімделді. Ал, автомагистральдің қорғау аймағына енбеген жер учаскелерін ауданға қайтару жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде жалпы көлемі 131,4 гектар болатын 11 жер учаскесінің игерілмегені анықталған. Жер пайдаланушыларына тиісті нұсқамалар таратылып, жер учаскелерін 2 жыл қатарынан игермеген жағдайда, сот тәртібімен аудандық жер қорына қайтарылатыны ескертілді.