Түркістан облысында 1144 азамат Nur Otan партиясының праймеризіне қатысып жатыр

14-16 қыркүйек аралығында өңірде 75 дебат өткізіліп, оған 368 кандидат қатысқан.

Түркістан облысы тұрғындарының саяси белсенділігі күн санап артып келеді. Оған дәлел ретінде 1144 түркістандықтың Nur Otan партиясының праймеризіне қатысып жатқанын мысал ретінде айтсақ та болады.

Жалпы Түркістан облысында праймериздің үгіт-насихат кезеңі басталғалы, яғни 7-16 қыркүйек аралығында 724 іс-шара ұйымдастырылған. Оған 15 мыңнан астам адам қатысқан. Оның басым бөлігі ауыл тұрғындары. Сондай-ақ 650-ден астам іс-шара онлайн режиімінде өткізілген. Праймеризге тіркелген 1144 үміткердің 1077-сі үгіт-насихат кезеңіне атсалысып, кездесулерге келді. Бастауыш партия ұйымдарында 338 кездесу өткізіліп, оған 10397 адам қатысты. Есіктен – есікке акциясына 264 кандидат қатысып, 1761 адамды қамтыған.

Тағы бір айта кетерлігі, Түркістан облысында жүріп жатқан праймериз кезінде карантиндік сақтық шаралары да ережеге сай сақталуда. Бұдан бөлек, «Праймериз» ақпараттық жүйесіне 206 сілтеме, әлеуметтік желілерге праймериз туралы мыңнан астам пост жарияланған.